Профи-бокс
4 шілде 2017 16:21
 
Крис Юбенк Головкин және "Канеломен" кездесуге ниетті

  Пікірлер

blog.share

Крис Юбенк Головкин және "Канеломен" кездесуге ниетті © boxingnewstoday.net

Британдық боксшы кіші Крис Юбенк ( 24-1, 19 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) кездескісі келетінін айтты. 

"Мен ол екеуімен де кездескім келеді. Олар орта салмақта өнер көрсетеді. Мен болсам суперорта салмақта жұдырықтасамын. Негізі менің шынайы салмағын орта салмаққа келеді. Бұл екі жігіттің бірімен алдағы уақытта міндетті түрде кездесу өткізуге тырысамын", - деп келтіреді Юбенктің сөзін Boxingnewstoday.net порталы. 

Еске салайық, кіші Юбенк бұған дейін егер Альварес жарақат алатын болса, оның орнына Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты. 

Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде GGG орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғайды. Алайда, "Канело" алдағы кездесуде WBC белбеуіне таласпайтынын айтты. Өйткені, мексикалық боксшы бұл ұйымның басшыларымен сөзге келіп қалған.

Жарнама

Живи спортом!