Ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалевтің промоутері Кэти Дува ресейлік боксшы мен жартылай ауыр салмақтағы WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Андре Уорд арасындағы келісімшартта үшінші жекпе-жектің (реванштың) мәселесі қарастырылмағаны айтты. Бұл туралы BoxingScene порталы хабарлайды.
Сергей Ковалевтің өзі бұл ақпаратты расмады да, жоққа шығарған да жоқ. "Егер де Уордты жеңетін болсам, үшінші жекпе-жекті өткізуге келісемін бе? Күтейік. Екінші жекпе-жек қалай аяқталатынын күтейік", - дейді ресейлік боксшы.
Айта кетейік, бұл боксшылардың арасында 19 қарашада өткен бірінші жекпе-жегіне жасалған келісімшартында екінші кездесу (реванш) қарастырылған еді.
Еске салайық, 2016 жылдың 19 қарашасында Ковалев 12 раундтың қорытындысы бойынша Уордтан жеңіліп, барлық белбеуінен айырылып қалған еді.
Жарнама