auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Ковалев Шабранскиймен өтетін кездесудің алдында бапкерін ауыстырады

Ресейлік боксшының келесі кездесуі 26 қарашаға жоспарланып отыр.

Ковалев Шабранскиймен өтетін кездесудің алдында бапкерін ауыстырады
Жартылай ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы, ресейлік Сергей Ковалев (30-2-1, 26 KO) өзінің келесі кездесуінің алдында бапкерін ауыстырады. 

Ресейлік боксшы өзінің келесі кездесуін 26 қараша күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden  спорт кешенінде өткізеді. Оның қарсыласы украиналық Вячеслав Шабранский (19-1, 16 KO) болады. Бұл кездесудің алдында ресейлік боксшы бапкерін ауыстырады.

Айта кетейік, Ковалев АҚШ-қа алғаш келген кезде Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчеспен жұмыс істеген еді. Бірақ кейіннен боксшы мен маман арасында кикілжің пайда болып, бірге жұмыс істеуді доғарған.

Кейін Ковалевтің бапкері америкалық Джон Дэвид Джексонмен бірге жұмыс істеді. Бұл маманның бастауымен Ковалев өзінің соңғы жеті кездесуін өткізді. Оның ішінде Андре Уордпен өткен соңғы кездесу де бар. Бірақ сол Уордқа қарсы өткен соңғы кездесуден кейін ресейлік боксшы бұл маманмен де жұмыс істеуден бас тартыпты.

«Мен қазір Шабранскиймен өтетін кездесуге дайындалып жатырмын. Иә, Джексонмен бірге жұмыс істеуді тоқтаттым. Қазір Калифорниядағы Big Bear жаттығу залындамын. Тек физикалық дайындығымды қалыпқа келтіретін бапкермен жұмыс істеп жатырмын. Мен негізі бапкер тауып қойдым. Оның есімін жекпе-жекке тура бес апта қалғанда айтамын», — дейді бұл туралы Ковалев BoxingScene басылымына берген сұхбатында.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар