Костя Цзю Головкин мен "Канело" трилогиясының әділ бағасын берді

©Tengrinews.kz, Турар Казангапов

Кәсіпқой бокстың бұрынғы жұлдызы Костя Цзю қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KO) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 KO) арасындағы үшінші кездесу туралы ойын айтты, деп жазады sportrbc.ru порталы. 

Трилогия Лас-Вегас қаласында өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен мексикалық боксшының мерейі үстем болды. 

"Әу баста Альварестің жеңісіне сенімді болып, оны фоварит санадым. Жекпе-жек тең болды деп айта алмаймын. Нәтиже тек төрешілердің шешіміне байланысты болды. Олар жеңісті мексикалыққа берді. Бұл айқаста Альварестің басты үстемдігі - жасы болды. Дәл осы фактор оның жеңісіне тікелей әсер етті. 

Төртінші кездесуді күтеміз бе? Money talks деген түсінік бар. Егер екі боксшыға да жақсы ақша ұсынса, өтуі әбден мүмкін", - деді Цзю. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар