Кособуцскийдің келесі жекпе-жегінің уақыты өзгерді

Сурет боксшының әлеуметтік желісінен алынды.

WBA International белбеуінің иегері қазақстандық Жан Кособуцскийдің (15-0, 14 КО) Ұлыбритания жерінде өтетін кездесуінің уақыты өзгеруі мүмкін. Vesti.kz ақпараты бойынша, кездесу бір аптаға шегеріледі. 

Әу баста айқас 24 шілде күні өтуі керек болатын. Енді кездесу 31 шілдеге шегеріліп отыр. 

Кособуцскийдің қарсыласы 31 жастағы черногориялық Марко Радоньич (22-0, 22 КО) немесе 27 жастағы украиналық Александр Захожий (15-0, 11 КО) болуы мүмкін. 

Бұл кездесуде отандасымыз WBA белбеуін қорғайды. Жекпе-жек сегіз раунд болуы ықтимал. Айта кетейік, 32 жастағы Кособуцкий WBA белбеуін 2021 жылдың ақпан айында Гамбург қаласында нигериялық Онориод Евариемді құлатып, жеңіп алған болатын. 

 

 

Метки:
Жаңалықтар