auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Көріпкелдер Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің қалай өтетінін айтып, GGG-дің болашағына болжам жасады

Көріпкелдер Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің қалай өтетінін айтып, GGG-дің болашағына болжам жасады
©YouTube кадры
Танымал "Битва экстрасенсов" телеожобасына қатысқан көріпкелдер Виктор Александровский мен Кажетта Ахметжанова орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің болашағына болжам жасады.

Көріпкелдер Vesti.kz басылымына берген сұхбатында Головкиннің америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) өтетін кездесуі қалай өтетінін айтып берді.

Виктор Александровский - "Битва экстрасенсов" тележобасының 8-ші маусымының финалисі:



"Мен спортқа мүлдем жақын емеспін және бокс кештерін де көрмеймін. Бірақ, мен даулы жағдай болатынын сезіп тұрмын, дегенмен, кездесуде Гена жеңіске жетеді. Оның энергиясы мен аурасын айтатын болсам, мен оны көлікке теңер едім. Барлығы Головкиннің қолында. Мен оны бокста стратег пен әдіскер деп айтар едім", - деді көріпкел Виктор Александровский.

Сондай-ақ, көріпкелдің болжамынша, Головкин кейінірек бизнеспен айналысады.

Кажетта Ахметжанова - "Битва экстрасенсов" тележобасының 6-шы маусымының финалисі



Екінші көріпкел Кажетта Ахметжанова Головкиннің наурызда Америкада үлкен жекпе-жек өткізетінін және кездесудің сәтті аяқталатынын айтты.

"Оған мықты күштер көмектесіп келеді. Оның аурасында ежелгі әрі ең мықты рух бар. Мен оның күшті энергиясын көріп тұрмын. Сонымен қатар, биыл оған басқа командаға ауысуға ұсыныс жасалады, бірақ Головкин ұсыныстан бас тартады. Ол үшін бапкер мен команда ақшадан маңызды. Спортшылардың осы жаста мансап жолын аяқтауы қажет деп айтылса да, ол әлі жеті жылдай мансабын жалғастыра алады. Ол әлі бірнеше рет жеңіске жетеді", - деді Кажетта Ахметжанова.

Ал "Головкин Данқ залына кіре ме, жоқ па" деген сұраққа көріпкер алдағы кездесуден кейін боксшының Данқ залына енетінін айтты. Көріпкелдің айтуынша, Головкин осы жекпе-жектен кейін Владимир Кличко мен Майк Тайсон сияқты бокс жұлдыздарының қатарында болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама