auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Көпшілік "Канеломен" өткен кездесуде Головкиннен жеңісті ұрлап алды дейді. Мен мұнымен келіспеймін - Джеймс ДиГейл

Көпшілік "Канеломен" өткен кездесуде Головкиннен жеңісті ұрлап алды дейді. Мен мұнымен келіспеймін - Джеймс ДиГейл
Сурет: boxingscene.com
Екінші орта салмақта IBF белбеуінің иегері британдық боксшы Джеймс ДиГейл (23-1-1, 14 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өткен кездесуде тіркелген тең нәтиже жайлы пікірімен бөлісті. 

"Бұл керем жекпе-жектердің бірі болды. Көпшілік бұл кездесуде Головкиннен жеңісті ұрлап алды дейді. Бірақ мен мұнымен келіспеймін. Жекпе-жек өтті. Тек Головкин шамалы белсенді болды. Дегенмен де айтарлықтай басым болған жоқ. Керісінше, маған "Канелоның" рингтегі қимылдары ұнады. Ол бір орында тұрмай, Головкинді қиын жағдайға қалдырды. 

Сондықтан да бұл кездесудің төрешілі туралы әңгіме айта берудің еш қажеті жоқ. Иә, Головкин 12 раунд бойы үнемі алға жүріп, көп соққы жасады. Алайда жекпе-жек тең өтті. Мен бұл екі боксшы келер жылы тағы кездеседі деп естідім. Ол кездесуде асыға күтемін. 

Головкин - қара күші көп боксшы. Шаршы алаңда қолды-аяқта тұрмайды. Бірақ техникасы жағынан әлемдегі ең мықты боксшы емес. Оның жағы мен физикалық күгі оны әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі етіп отыр. Екі боксшы үшін де екінші жекпе-жек қиын болайын деп тұр. Ол кездесуде мен Головкиннің тілеуін тілеймін. Дегенмен де "Канело" жеңіп кетсе, таңғалмаймын", - дейді ДиГейл On The Ropes Boxing Radio басылымына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, қазан айының басында Бүкіләлемдік бокс кеңесі Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесудің өтуіне ресми келісім берді. Екі боксшының командасы қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатыр.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесуін 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі барлық белбеулерін қорғап қалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама