Көпшілік "Канело" Головкиннен қорқады дейді, мен де солай ойлаймын - Чавес
© boxingscene.com
Әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Хулио Сезар Чавес жерлесі Сауль "Канело" Альварестің Головкинменнің орнына өзін қарсылас ретінде таңдауының себебін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Мексикалық боксшылардың жекпе-жегі 6 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді. Жекпе-жектің 164,5 фунт аралық салмақта өтетінін айта кету керек. Мұның алдында "Канело" Головкинмен 160 фунт салмақта жұдырықтасудан бас тартқан болатын.
"Көпшілік "Канело" Головкиннен қорқып жүргенін айтады, мен де солай ойлаймын. Ол мені белсенді болмағандықтан және қол жарақатын алғандықтан таңдап отыр. Ол мен үшін салмақты реттеу қиын болады деп ойлайды. "Канело" Головкинді мықтырақ қарсылас деп есептейтіндіктен мені таңдады", - деді Чавес FightHub TV арнасына берген сұхбатында.
Кіші Чавестің бұл пікіріне өзге де мексикалық боксшылар қосылып отыр. 2014 жылы "Канелодан" оныншы раундта нокаутпен жеңілген Альфредо Ангулоның сөзінше, Альвареске батылдық жетіспейді. Карлос Куадрастың пікірі Чавестің айтқанымен дәл келіп отыр.
Альварестің өзі Головкинмен қашан болса да жұдырықтасуға дайын екенін айтқан. Ал оның промоутері Оскар Де Ла Хойя қазақстандық боксшыға ұсыныс жасағандарын және ендігі мәселе Головкинде ғана екенін айтады.

Жарнама