Конор МакГрегор Головкин мен Канело жұбының жеңімпазымен жұдырықтасуы мүмкін
Конор МакГрегор Головкин мен Конело жұбының жеңімпазымен жұдырықтасуы мүмкін
Конор Макгрегор мен Флойд Мейвезер жекпе-жегінде комментатор болған UFC жұлдызы Хабиб Нурмагамедов ирландиялық файтердің Головкин мен Конело жұбының жеңімпазымен жұдырықтасу ықтималдығын жасырмады.
Нурмогамедов «Сила-ТВ» арнасында отандасымыз бен мексикалық боксшының жекпе-жегі жайлы сөз қозғап, қарсыластардың әлеуетін бағамдаған болатын. Хабиб өз сөзінде «Головкин мен «Канелоның» соңғы жекпе-жектерін кеше ғана тамашаладым. Олардың екі қолының да соққысы жойқын, нағыз панчерлар. Бүйірден немесе бастан жасаған бір ғана соққылары нокаутқа жіберуі мүмкін. Екеуінің мүмкіндігі бірдей. Әлбетте, Головкиннің жеңімпаз болғанын қалаймын. Меніңше, Головкин мен Конело жұбының жеңімпазы алдағы уақытта МакГрегормен жұдырықтасуы мүмкін», — дейді Нурмагомедов.
Еске салайық, Мейвезер мен МакГрегор арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile арена спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтіп, кездесудің 10-раундында америкалық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ал отандасымыз өзінің келесі кездесуін 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы өткізеді. Қазіргі уақытта жекпе-жектің барлық билеттері сатылып кеткен. Билеттердің саламынан ұйымдастырушылар 30 миллион доллар көлемінде пайда көрген.

Жарнама