Қоңқабаев Уордты жеңгеннен кейін WBA рейтингінде бірнеше саты жоғарылады

©olympic.kz

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев WBA Gold белбеуін жеңіп алғаннан кейін Бүкіләлемдік бокс ассоциясының (WBA) рейтингінде төртінші сатыға көтерілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

2021 жылдың желтоқсан айында Қоңқабаев ұлыбританиялық боксшы Стивен Уордпен (13-2, 4 КО) кездесіп, жеңіске жетті. Бұл айқаста отандасымыз бірінші ауыр салмақта WBA Gold жеңіп алды. 

Осы жекпе-жектен кейін Қамшыбек WBA рейтингінде 9-орыннан 4-сатыға көтерілді. Ал аталған салмақты үздік үштігінде (25-2, 23 КО), Алексей Егоров (11-0, 7 КО) және Баду Джек (25-3-3, 15 КО) жайғасқан. 

Еске салайық, Уордпен кездесу Қоңқабаев үшін Олимпиада ойындарынан кейінгі бірінші айқас болды. Токиодағы ойындарда ол қола жүлде жеңіп алған. Кәсіпқой бокста қазақстандық боксшы төрт кездесу өткізіп, барлығында мерейі үстем болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар