Профи-бокс
4 қыркүйек 2017 14:33
 
Кличко мен Усиктің бұрынғы бапкері Головкин - "Канело" кездесуіне болжам жасады

  Пікірлер

blog.share

Кличко мен Усиктің бұрынғы бапкері Головкин - "Канело" кездесуіне болжам жасады © On The Ropes Boxing Radio

Украиналық боксшылар Владимир Кличко (64-5, 53 КО) мен Александр Усиктің (12-0, 10 КО) бұрынғы бапкері америкалық маман Джеймс Али Башир орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін кездесуге өз болжамын айтты. 

"Головкиннің басты қаруы - мінезі. Бірінші бес-алты раунд тең дәрежеде өтеді. Содан соң Головкин басымдықты өз қолына алып, жеңіске жеткеді", - деп келтіреді Баширдің сөзін mmaboxing.ru порталы. 

Еске салайық, бұған дейін "Канелоның" промоутері Оскар Де Ла Хойя бұл кездесуге өз болжамын жасап, жекпе-жектің сегіз раундтан ары аспайтынын айтты. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Жарнама

Живи спортом!