auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Кличко - Джошуа арасындағы екінші кездесу Лас-Вегаста өтуі мүмкін

Кличко - Джошуа арасындағы екінші кездесу Лас-Вегаста өтуі мүмкін
Промоутер Эдди Хирн Sky Sports арнасына берген сұқбатында аса ауыр салмақтағы WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы британдық Энтони Джошуа (19-0, 19 КО) мен украиналық Владимир Кличко (64-5, 53 КО) арасындағы реваншты (екінші кездесу) өткізуге үміткер қалалардың ішінде Лас-Вегастың мүмкіндігі көп екенін айтты. 

Қазіргі уақытта екі боксшының командалары жекпе-жекті өткізуге үміткер ретінде төрт қаланы қарастырып жатыр. Хирнның айтуынша, ол бұл мәселе туралы Кличконың командасымен келіссөз жүргізген екен. Промоутердің өзі екінші кездесуді Ұлыбританияда өткізгісі келетінін айтады. Бірақ Джошуа жекпе-жекті шет елде де өткізуге дайын. 

"Мен Берн Бентекемен және Кличконың командасымен сөйлестім. Біз кездесудің өтетін қаласы мен спорт кешенін таңдауға жақын қалдық. Жекпе-жекті өткізетін қалалардың ішінде Лас-Вегастың мүмкіндігі көбірек. Жалпы бұл кездесуді Лас-Вегастан бөлек, Нигерия, Дубай және Кардифф қалалары қабылдауға үмітті. 

Келесі аптада біз бұл үміткер қалаларды барлығын Владимир Кличкоға ұсынатын боламыз. Негізі мен кездесуді Ұлыбританияда өткізгім келеді. Дегенмен Джошуа әлем чемпионы. Сондықтан ол басқа елдерде де жұдырықтасуға дайын", - деп келтіреді Хирннің сөзін "Чемпионат". 

Еске салайық, Джошуа мен Кличко арасындағы 29 сәуір күні "Уэмбли" стадионында өткен кездесу британдық боксшының жеңісімен аяқталған еді. Ол жекпе-жектің 11 раундында Энтони қарсыласын нокаутқа түсірді. 





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама