Кейінгі қарсыласын 45 секундта құлатқан Тұраров титул үшін айқаспақ
Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров Алматыда чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі дереккөз айтты.
Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров Алматыда чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі дереккөз айтты.
Жалпы жекпе-жек кеші 11 желтоқсан күні "Алматы Аренада" өтеді. Бұл кештің басты айқасында Тұраров өнер көрсетеді. Біздегі ақпарат бойынша, отандасымыздың қарсыласы латынамерикалық боксшы болады.
Бұл кездесуде IBO тұжырымының екінші деңгейдегі белбеуі сарапқа салынуы мүмкін. Тұраров (25-0, 18 KO) керемет рекордына қарамастан, BoxRec сайтында тек 239-орында тұр.
Айта кетейік, Жанқош өзінің кейінгі кездесуін өткен жылы 18 желтоқсан күні Астана қаласында өткізіп, мысырлық Абдумонем Саидті 45 секундта жеңген болатын.
Жарнама