Кейбір боксшылар атағын шығару үшін Головкиннің атын пайдаланып жүр - Леффер
WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффер кубалық Эрисланди Лараның қазақстандық боксшыны жекпе-жекке шақыруына байланысты өз пікірін білдірді.

Лара өткен аптада изральдік боксшы Юрий Форманда төртінші раунда нокаутқа жіберіп, бірінші орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық атантарын қорған қалған еді. Дәл осы жекпе-жектен кейін ол біздің отандасымыз Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды.
"Кейбір боксшылар Головкинмен мүлде жұдырықтасқысы келмейді. Бірақ, олар өздерінің атағын шығару үшін Головкиннің атын жиі пайдаланады. Лара да Генадийдің атын көп айтып жүрді. Бірақ, жекпе-жекке шыққысы келмейді", - дейді Леффер Boxingscene.com порталына берген сұхбатында.
Айта кетейік, бұған дейін даңқты Майк Тайсон мен Эвандер Холифелдтің бапкері Ронни Шилд қазіргі уақытта Лара Головкинді жеңе алады деп мәлімдеме жасаған болатын.
Подробнее: http://vesti.kz/profi/231076/
Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на Vesti.kz
Жарнама