Профи-бокс
25 шілде 2017 13:26
 
Кей боксшылар рингке шықпай тұрып ұтылып қалады - Қанат Ислам

  Пікірлер

blog.share

Кей боксшылар рингке шықпай тұрып ұтылып қалады - Қанат Ислам

Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) боксшылардың не себепті үлкен табысқа жетпей, жарты жолдан сүрінетінін айтып берді. 

Отандасымыздың айтуынша, көп боксшылар шаршы алаңға шықпай жатып қарсыласынан емес, өзінен ұтылып қалады. "QAZAQ" оның себебін де түсіндіріп берді. 

"Кей боксшылар үлкен жарыс алдында рингке шықпай тұрып ұтылып қалады. Қарсыласынан емес, өзінен ұтылады. Неге? Себебі бокстан бөлек басқа нәрселермен басын ауыртқаны үшін. Әр боксшының әртүрлі мақсаты болуы заңды. Бірақ, шын спортшыда чемпион болудан басқа мақсат болмайды. Өзгенің пікірі, боксты түсінбейтін кей адамдардың ойы туралы ойлаған, соны уайымдаған боксшы ешқашан биік дәрежеге жетпейді. Себебі оның ойы қарсыласын жеңіп, чемпион болу емес, ринг сыртындағы адамдардың пікірімен күресу. Соларға жақсы көріну, солардың жақсы деген сөзіне рахаттану, жаман деген сөзіне ауру. Мұндай пікірдегі спортшы ұзаққа бармайды. Олар рингке шықса да қарсыласын емес, сырт көзге қалай көрініп тұрмын деп ойлайды. Мұндайлар боксшы емес, әртістер. Оларға тез спортты қойып театрға бару керек. Немесе киноға түсіп бағын сынау қажет. Мүмкін сол салада бағы жанар. Ал, бокста олар чемпион бола алмайды. Себебі мақсаты бөлек. Боксшы жатса да тұрса да тек дайындығын ойлап, қарсыласына қолданар тактиканы ойында пісіру керек. Залда қайталау керек. Рингте соны істеу керек. Өз кемшілігін түзеп, артықшылығын арттыруы шарт. Дұрыс тамақтанып, дұрыс демалуы қажет. Сонда ғана белес бағындырады. Рингте өзгенің жақсы пікірі, мақтауы, даттауы мен сынауы, жымиып түскен суретің мен үйіңдегі белбеулер көмек бермейді. Олар соққыңды ауырлатып, жылдамдығыңды арттырмайды. Рингте сен және қарсыласың болады. Кімнің дайындығы мықты сол ұтады. Сол үшін жаттығу бірінші орында болуы керек!", - дейді Қанат Ислам.

Еске салайық, "QAZAQ" өзінің келесі кездесуін 9 қыркүйек күні Астана қаласында канадалық Брэндон Кукқа қарсы өткізеді. Канадалық боксшы өзінің соңғы кездесін отандасы Стивен Батлерге қарсы өткізіп, нокаутқа түсірген болатын.

Қанат Ислам болса өзінің соңғы кездесуін 26 мамыр күні мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы өткізіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Сөйтіп орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Сontinental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. Қазіргі уақытта отандасымыздың еншісінде 24 кездесу бар және боксшымыз оның барлығында жеңіске жеткен. 19 кездесуде ол қарсыластарын нокаутқа жіберген.

Жарнама

Живи спортом!