Қазақстандықтардың қатысуымен өтетін Мәскеудегі бокс кешінің тікелей трансляциясы

©instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli

Бүгін, 24 желтоқсан күні Мәскеу (Ресей) қаласында бокс кеші өтеді. Бұл бокс кешінде қазақстандық Бек Нұрмағанбет (5-0, 3 КО), Евгений Павлов (5-0, 4 КО) және Данила Семенов (4-0, в КО) өнер көрсетеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

2019 жылы Азия чемпионы атанған Нұрмағанбеттің қарсыласы колумбиялық Хосе Мигель Торрес (33-11, 27 КО) болады. Бұл кездесу сегіз раундқа жоспарланған. 

Ал Павлов сегіз раундтық айқаста венесуэлалық Эдиксон Переспен (24-7, 18 КО) қолғап түйістірсе, жеңіл салмақтағы Семенов аргентиналық Пабло Фариаспен (32-5, 17 КО) жолығады. Аталған айқас алты раундтан тұрады. 

Тікелей эфирде бұл бокс кешін "Хабар" арнасы көрсетеді. Жекпе-жектердің трансляциясын мына сілтеме арқылы көре аласыз. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар