Профи-бокс
9 желтоқсан 2021 18:19
 

Қазақстандық Станислав Калицкийдің кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы анықталды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық Станислав Калицкийдің кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы анықталды ©RCC Boxing Promotions

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Станислав Калицкийдің (11-2, 4 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Станислав Калицкийдің (11-2, 4 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Отандасымыз келесі кездесуін 10 желтоқсан күні RCC Boxing Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын Екатеринбургтегі бокс кешінде өткізеді. 24 жастағы қазақстандықтың қарсыласы ресейлік Мурад Алиев (2-0-1, 1 КО) болады. 

Ал жекпе-жек кешінің басты басты айқасында бірінші ауыр салмақта Арсен Гуламирян мен Алексей Егоров WBA Super белбеуіне таласады. 

Айта кетейік, Калицкий соңғы кездесуін қыркүйек айында осы Екатеринбург қаласында өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша ресейлік Руслан Камиловтан жеңіліп қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!