Қазақстандық нокаутшы чемпиондық жекпе-жекке шығады. Қарсылас та белгілі

Сурет: instagram.com/serikmussadilov/

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Серік Мұсаділов (9-0, 9 КО)  келесі кездесуін 9 шілде күні Майамиде (Флорида штаты, АҚШ) өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

BoxRec ақпараты бойынша, Мұсаділовтің қарсыласы 45 жастағы америкалық боксшы Руэль Уильямс (8-1, 3 КО) болады. Боксшылар бірінші ауыр салмақтағы NABA чемпиондық белбеуін сарапқа салады. 

Айта кетейік, Мұсаділов кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін 22 мамыр күні АҚШ жерінде өткізіп, Кевин Браун (2-15, 1 КО) деген боксшыны жеңді. 

 

Метки:
Жаңалықтар