Профи-бокс
28 шілде 2019 13:09

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз төрешілер шешімімен жеңілді

Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова кәсіпқой шаршы алаңда сегізінші кездесуінде жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 28 шілдеде таңғы уақытта отандасымыз Мексиканың Тихуана қаласында өткен бокс кешінде алаң иесі Даяна Гонсалеспен жұдырықтасты. 

Жекпе-жек белгіленген раундтар бойынша толық өтті, нәтижесінде төрешілер жеңісті Гонсалеске берді. 

Осылайша, Сатыбалдинова спорттық мансабында екінші рет жеңілді. Осыған дейін, ол америкалық Селина Барриосқа есе жіберген еді.