QqF8gXMiahXCz10iANfVXHIVojKPuLntyUoGThKj
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстандық Иван Дычко қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

Қазақстандық Иван Дычко қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Иван Дычко. © The Heavyweight Factory

Кәсіпқой бокста супер ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Иван Дычко америкалық Рэй Остинді техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі Голливуд қаласында Hard Rock аренасында (Флорида штаты, АҚШ) бокс кешінің андеркартында өтті.  Алты раундқа есептелген жекпе-жек үшінші кезеңде аяқталды.

29 жастағы Дычко үшін бұл сегіз кездесудегі сегізінші жеңіс. Ол 2017 жылы АҚШ-та алғаш рет кәсіпқой рингте жұдырықтасты және барлық жекпе-жекті осы елде өткізді.

48 жастағы Остин ақпан айында үш жылдық үзілістен кейін шаршы алаңғы қайта оралды. Енді оның есебінде 29 жеңіс (18 нокаутпен) және төрт тең ойынмен 10 жеңіліс бар. 

Кезінде Остин IBF белбеуі үшін Владимир Кличкомен (64-5, 53 КО) жұдырықтасып, есе жіберген еді. Оның алдында ресейлік Султан Ибрагимовпен (22-1-1, 17 КО) тең түскен. Канадалық Бермейн Стиверн (25-4-1, 21 КО) және америкалық Энди Руис (32-1, 21 КО) сынды боксшылармен жұдырықтасқан. 

Ставки на спорт!
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар