Қазақстандық боксшының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Садриддин Ахмедов. © Eye of the Tiger Management

8 желтоқсанда (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) таңғы уақытта бірінші орта салмақта WBC тұжырымы бойынша "жастар" чемпионы кәсіпқой бокстағы 11-ші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешінде қазақстандықтың қарсыласы аргентиналық 25 жастағы Хосе Антонио Вильялобос (12-5-2, 7 КО) болады. Кездесу 10 раундқа есептелген, олар жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімін өткізді. 

Бокс кешінің басты кездесуінде орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған канадалық Давид Лемье (40-4, 34 КО) мен украиналық Максим Бурсак (35-5-2, 16 КО) жұдырықтасады. 

Ахмедов - Вильялобос кездесу "Хабар" арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляция таңғы 08:00-де басталады, оны мына жерден көруге болады. 

Айта кетейік, Ахмедов 25 қазанда мексикалық Джонни Наварретені (33-15-2, 15 KO) мерзімінен бұрын жеңген еді. 21 жастағы боксшы үшін бұл 2019 жылы өткізетін бесінші кездесуі. Ол 2018 жылдың сәуірінен бастап кәсіпқой шаршы алаңда жұдырықтасып келеді. 

Жаңалықтар