Профи-бокс
25 қаңтар 2021 17:46

Қазақстандық боксшылар Алматыда жаттығу жиынына кірісті

Қазақстандық боксшылардың тағы бір құрамы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынына кірісті.

Бүгінде ұлттық құрама спортшылары бөлініп, бір мезетте үш жерде жаттығуға кіріскен. Негізгі құрам АҚШ пен Кубада шеберліктерін шыңдап жүрсе, құраманың қалған мүшесі "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында жаттығуды бастады.

Айта кетерлігі, аталған жиында былғары қолғап шеберлері физикалық тұрғыдан дайындықтарын пысықтайды.