Қазақстандық боксшы WBO рейтингінің көшбасшысымен спарринг өткізді

Сурет: instagram.com/kulakhmet_tursynbay

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (3-0, 2 КО) өзінің келесі кездесуіне дайындығын аяқтап қалды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Отандасымыздың келесі кездесуін 10 шілде күні Алматыда қаласында, MTK Fight Night ұйымдастыратын бокс кешінде өткізеді. Бұл айқаста ол WBC International белбеуін қорғайды. 

Алдағы кездесуіне Құлахмет қазір гі таңда Ливерпуль (Англия) қаласында дайындалып жатыр. Дайындық барысында ол жартылай ауыр салмақта WBO рейтингінің көш басында тұрған британдық боксшы Линдон Артурмен (18-0, 12 КО) спарринг өткізді. Артур да өзінің алдағы кездесуіне дайындалып жатыр. Ол италиялық Давид Фарачиге (15-0, 7 КО) қарсы жекпе-жекте WBO Inter-Continental белбеуін қорғайды. 

2019 жылы әуесқойлар арасында Азия чемпионы атанған Тұрсынбай кәсіпқой бокстағы кейінгі кездесуін сәуір айында өткізді. Дубайда өткен жекпе-жек кешінде ол 70 секундта Хебер Рондонды (20-1, 13 KO) құлатып, WBC International белбеуін жеңіп алды. Сонымен қатар, ол 210 мың доллар сыйақы алып, BoxRec  рейтингінде 48 саты жоғары көтерілді. 

 

 

 

 

 

Метки:
Жаңалықтар