Отандасымыз Қазан (Ресей) қаласында өткен бокс кешінде ресейлік Вилдан Минасовпен кездесті.
Кездесудің бірінші раундында-ақ 18 жастағы қазақстандық боксшы екі рет нокдаун алып қалды. Ал екінші раунда ол тағы нокдаун алды. Сөйтіп, оның командасы кездесуді тоқтатып тастады.
Бұл кездесуде екі боксшы жеңіл салмақта WBC Asia белбеуіне таласқан болатын.