Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы
Шыңғысхан Тәжібай (5-0, 2 КО) 3 наурыз күні Нью-Йоркте кезекті жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Отандасымыз Barclays Center аренасында өтетін аса ауыр салмақтағы
Деонтей Уайлдер (39-0, 38 KO) мен
Луис Ортис (28-0, 24 KO) арасындағы жекпе-жектің андеркартында шаршы алаңға шығады.
Шыңғысхан Тәжібайдың қарсыласы әлі анықталған жоқ. Алдын ала жоспар бойынша жекпе-жек 6 раундтық жүйе бойынша өтеді.
25 жастағы қазақстандық боксшы осыған дейін кәсіпқой бокста 5 кездесу өткізген. Оның барлығында жеңіске жеткен.
Бокс кешіндегі басты жекпе-жекте
Деонтей Уайлдер мен
Луис Ортис WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа таласады. Сондай-ақ бұл бокс кешінде қазақстандық
Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) чемпиондық атағына үміткер боксшылар да шаршы алаңға шығады. WBC уақытша чемпиондық атағы үшін америкалық боксшылар
Джермалл Чарло (26-0, 20 КО) мен
Уго Сентано (6-1-0, 14 КО) жұдырықтасады. Ал IBF тұжыры бойынша украиналық
Сергей Деревянченко (11-0, 9 КО) америкалық
Дашон Джонсонмен (22-22-3, 7 KO) кездеседі.
Деонтей Уайлдер мен Луис Ортис арасындағы жекпе-жектің андеркартында Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан
Вилли Монро (кішісі) да жекпе-жек өткізеді.
Жарнама