Профи-бокс
3 маусым 2021 15:23
 
Қазақстандық боксшы Тайсон Фьюридің бапкерімен жаттығатын болды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы Тайсон Фьюридің бапкерімен жаттығатын болды

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко (9-0, 9 КО) осы салмақта WBC белбеуінің иегері Тайсон Фьюридің (30-0-1, 21 КО) бас бапкерімен жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бұған дейін Дычко промоутерімен келісімшартын бұзып, британдық боксшының жаттығуларына көмектескен болатын. Енді ол бас бапкерін де ауыстырып отыр. 

"Бапкерді неге ауыстырдыңыздар дейсіз бе? Біріншіден, бұрынғы бапкеріміз Джог Дэвид Джексонның уақыты болмады. Екіншіден, Шугар Хилл Стюард бұрыннан Дычконы жаттықтырғысы келді. Негізі біз әу баста осы бапкерге келгіміз келген. Бірақ ол кезде Шугар Хиллмен жолыға алмадық. Енді осы бапкермен жұмыс істеудің сәті түсіп тұр", - деді Дычконың менеджері Зия Алиев. 

Жарнама

Живи спортом!