Қазақстандық боксшы
Рустам Сваев кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Сваев Екатеринбургте өткен бокс кешінде рингке шыққан. Қазақстандық жергілікті дебютант
Равшан Ергашевке қарсы өткізетін жекпе-жегі 4 раундқа белгіленген. Кездесу орта салмақта өтті. Сваев соңғы раундта нокаутқа түсіп қалды.
Еске салайық, 27 жастағы Сваев
"Астана Арланс" клубының атынан өнер көрсетіп, танымал болған еді. Сондай-ақ, ол - 2011 жылғы
Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Жарнама