auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласын 35 секундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласын 35 секундта нокаутқа түсірді
Батыр Жүкембаев. © Eye of the Tiger Management

Бірінші жартылай орта салмақта қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Ноэ Нуньесті уақытынан бұрын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек канадалық Монреалда өтті. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, бірақ бірінші раундта-ақ аяқталды. Жүкембаев үшін 35 секунд жеткілікті болды. Ол қарсыласын нокдаунға түсірді, бірақ ол орнынан тұрды. Алайда қазақстандық боксшы алған бетінен қайтпай, оны қайта құлатты. Жекпе-жектің ресми нәтижесі - Жүкембаев техникалық нокаутпен жеңді.

Бұл 26 жастағы Жүкембаевтың 12-нші жеңісі (10 нокаут), ал 30 жастағы Нуньес алты рет жеңіліп, 18 рет жеңген (13 нокаут) және бір рет тең түскен. Айта кетейік, 2015 жылы кәсіпқой бокста тұңғыш рет жұдырықтасқан Жүкембаев барлық жекпе-жегін Канадада өткізді, ал 2010 жылдан бері жұдырықтасып жүрген Нуньес Мексикадан тыс жерде екі рет қана кездесу өткізген.

Бокс кешінің шеңберінде тағы бір қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Жеңіл салмақта Абылайхан Құсайынов мексикалық Хильберто Месаны жеңді.

Жекпе-жек сегіз раундтқа жалғасты. Қорытынды бойынша Құсайынов жеңді. Бұл 26 жастағы Құсайыновтың кәсіпқой бокста өткізген сегіз жекпе-жегіндегі сегізінші жеңісі (алты нокаут), ал 23 жастағы Месаның қоржынында сегіз жеңіс пен осымен үшінші жеңіліс бар (бес нокаут) және бір рет тең түскен. Құсайыновтың кәсіби бокстағы алғашқы кездесуі 2015 жылы Қытайда өткен, қалған жекпе-жектері Канадада болды. Ал Месаның қазақстандық боксшыға қарсы жекпе-жегі отаны Мексикадан тыс жерде өткен тұңғыш кездесуі болды.

© Eye of the Tiger Management

 Батыр Жүкембаевтың жеңісінің видеосы

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама