Қазақстандық боксшы Мексикада жергілікті боксшыны нокаутқа түсірді

Жеңіл салмақта жұдырықтасып жүрген Абылайхан Құсайынов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол Мексиканың Тихуана қаласында шаршы алаңға шықты. Оның қарсыласы - жергілікті боксшы Мауро Лорето (32 - 10) болды.

Құсайынов мексикалық боксшыны бесінші раундта жеңді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 11-жеңісі (8 КО)

Айта кетейік, былтыр желтоқсанда Құсайынов Eye of Tiger Management промоутерлік компаниямен келісімшартты үзді. Ендігіде ол АҚШ-та жаттығады.
Жаңалықтар