Қазақстандық боксшы жекпе-жексіз чемпиондық белбеуінен айырылды
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) өзіне тиесілі WBC International Silver белбеуін босатты. Енді бұл белбеуге кубалық Хосе Лардет (7-0, 6 КО) пен сербиялық Душан Велетич (5-1, 3 КО) таласады, деп хабарлайды Boxingscene.com порталы.

Бұл кездесу 19 ақпан күні Гамбургте (Германияда) өтеді. Кештің басты айқасында франциялық Йохан Дюопа (39-6, 26 КО) мен Жан Кособуцкий кездеседі. Айқас он раундқа жоспарланған. Жекпе-жекте WBC International белбеуі сарапқа салынады.
Қазақстандық боксшы соңғы рет қараша айында шаршы алаңға шығып, доминикалық Алексис Гарсияны (11-1, 7 КО) жеңіп, WBC International Silver белбеуіне ие болған еді.
Ал Дюопа болса WBC ұйымының екінші деңгейлі белбеулері үшін кездесу өткізген. Осы уақытқа дейін оның карьерасында ең маңызды айқас америкалық Деонтай Уайлдерге (42-2-1, 41 КО) қарсы өтіп, франциялық техникалық нокаутпен жеңілген еді.
Жарнама