Қазақстандық боксшы Фьюримен жұдырықтасқысы келеді

©instagram.com/ali_boxing_kz

Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Балоев британдық Томми Фьюримен айқасқысы келеді. Бұл туралы боксшы әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Анатолий Сульянов (Hardcore лигасы презинденті) жуық арада Hardcore Boxing белбеуі үшін Томми Фьюримен жекпе-жек ұйымдастырып береді деп сенемін, - деп жазды Али. 

Томми Фьюри танымал боксшы Тайсон Фьюридің туысы. 

Али Балоев 2017 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап келеді. АҚШ, Еуропа мен ТМД елдерінде жекпе-жек өткізді. 13 рет жеңіске жетіп, 1 кездесуінде тең түскен. 1 жекпе-жегінде жеңілген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар