Профи-бокс
21 қазан 2020 19:16

Қазақстандық боксшы Энтони Джошуамен бірге жаттығу өткізіп жатыр

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (9-0, 7 КО) жекпе-жегіне дайындығын Ұлыбританияда өткізіп жатыр.

Шеффилд қаласындағы GB Boxing Camp залында жаттығып жатқан Сұлтан Зәуірбек ағылшын боксшысы Энтони Джошуамен бірге дайындығын пысықтады.



Айта кетейік, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой бокста 9 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Кейінгі жекпе-жегінде қытай боксшысы Лешан Лиді жеңіп, WBC Youth белбеуін иемденденді.