Профи-бокс
16 тамыз 2017 15:50
 
Қазақстандық боксшы Альвареске Головкинді қалай жеңу керектігін айтып, "кеңес берді"

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бақтияр Эюбов (13-0-0, 11 КО) Vesti.kz порталының тілшісіне орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы кездесу туралы ойымен бөлісті. 

- Бұл кездесуде екі боксшының жеңіске жету мүмкін 50 де 50 деп бағалар едім. Альварестің техникасы мықты, бірақ Головкин физикалық тұрғыдан мықты. Егер оның соққылары дәл тиестін болса, ол "Канелоны" құлатады. Бірақ Альварес мықты панчер. Егер ол рингте еркін қозғалып бұрыштарды Головкинге беретін болса, ол жеңіске жетеді. 
 
- Бұрыштарды беретін болса", - деген жеріңізді түсіндіре кетсеңіз ...

- Қарсыласқа бұрыштарды беру деген бокста шаршы алаңда еркін қимылдап, үнемі бір орында тұрмауды айтады. Қарсылас шабыл кезінде соққы дарытпай, қашып кетіп жүру деген сөз. 

- Бұл кездесуде нокаут болады дегенге сенесіз бе?

- Сену қиындау дүние. Менің ойымша, кездесу 12 раундқа да созылады. 

Еске салайық, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Жарнама

Живи спортом!