Қазақстандық боксшы Али Ахмедов шаршы алаңға нақты қашан оралатыны анықталды

©instagram.com/ali_akhmedov_officialpage

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов (16-1, 12 КО) келесі кездесуін қыркүйек айында өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Оның келесі қарсыласы перулік боксшы Давид Сегарра (34-5, 21 КО) болады. Жекпе-жек 16 қыркүйек күні Монтебелло (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында өтеді. Айқас 10 раундқа жоспарланған. 

Еске салайық, бұл боксшылар негізі тамыз айында кездесуі керек еді. Бірақ Сегарра жекпе-жекке бір күн қалғанда коронавирус жұқтырды. 

Сонымен қатар, Ахмедов 26 тамыз күні бір кездесуі өткізуі керек болатын. Алайда, бұл жекпе-жек өтпейтін болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар