Қазақстандық боксшы әлем чемпионының міндетті қарсыласы атануы мүмкін
Кәсіпқой бокста өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) супер орта салмақта IBF белбеуінің чемпионына міндетті қарсыласы болуы үшін кездесу өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Евгений Шведенконың (15-0, 6 КО) атануы мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Дереккөздің ақпараты бойынша, бұл кездесу сәуір немесе мамыр айларында өтеді. Ал бұл кездесудің жеңімпазы IBF белбеуінің иегері, америкалық Калеб Планттың (21-0, 12 КО) міндетті қарсыласы болады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Ербосынұлы IBF рейтингінде алтыншы орында тұрса, Шведенко бесінші сатыда. Ал рейтингтің үшінші сатысында тұрған америкалық Калеб Труа (31-4-2, 19 КО) болса, қаңтар айында төрешілердің шешімі бойынша Планттан жеңіліп қалды.
Еске салайық, отандасымыз өзінің соңғы кездесуін 16-желтоқсан күні өткізіп, ганалық Исса Самирадан үстем түсті. Бұл кездесуде Ербосынұлы WBC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерін сақтап қалды.

Жарнама