Қазақстандық боксшы әлем чемпионының бұрынғы қарсыласы нокаутпен жеңді

Жан Кособуцкий. Сурет: flickr.com/leifpm©
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) Минск қаласында өткен бокс кешінде польшалық боксшы Камил Соколовскиді нокаутқа түсірді,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Беларусь астанасында өткен жекпе-жекте отандасымыз оныншы раундта жеңіске жетті. Бұл раундта Кособуцкий қарсыласын екінші рет құлатты. Сөйтіп төреші кездесуді тоқтатты. Бірінші рет Камилді бесінші раундта нокдаунға жіберген еді. 



Айта кетейік, Соколовски бұған дейін екі рет әлем чемпионы атанған боксшылармен кездескен. Нақтырақ айтсақ, ол 2014 жылы британдық Диллиан Уайтпен кездесіп, жеңіліп қалған еді. Ол қазір WBC белбеуінің уақытша чемпионы. 2019 жылы қыркүйекте ол Лукас Брауннан ұтылды. Австралиялық боксшы 2016 жылы WBA чемпионы болған. Бірақ допинг тесттен өте алмай, белбеуін қайтаруға мәжбүр болды. 




Метки:
Жаңалықтар