Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Балоев (10-0, 7 КО) әуесқойлар арасында әлем чемпионы өзбекстандық Санжар Тұрсыновпен (3-0, 1 КО) өтетін кездесуге қалай дайындалып жатқанын көрсетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"12 раундтан тұратын жылдамдыққа жаттығу. Бір минут ғана демалыс", - деп жазды Балоев Instagram парақшасында видео жариялап.
Айта кетейік, бұл кездесу 28 қыркүйек күні Чехияда өтеді.