Қазақстандық боксшы 27 нокауты бар "Кинг Конг" лақап атымен танымал қарсыласпен кездеседі

Сурет: see.news©

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) келесі кездесуін "Кинг Конг" деген лақап атымен көпшілікке танымал кубалық Луис Ортиске (32-2, 27 КО) қарсы өткізуі мүмкін,- деп хабарлайды Vesti тілшісі. 

Қазақстандық боксшының командасы бұл кездесуді өткізуге ниетті. Бізге бұл ақпарат туралы айтқан дереккөздің мәліметі бойынша кубалық боксшы да қарсы емес. Жекпе-жек осы жазда өтуі мүмкін. 

Ортис кәсіпқой бокстағы карьерасын 2010 жылы бастаған. Ол жекпе-жектерін АҚШ, Коста-Рика, Аргентина, Ұлыбритания және Панама елдерінде өткізген. Екі рет отандасы Деонтей Уайлдермен (42-1, 41 КО) кездескен. Бірақ екі кездесуде нокаутпен жеңіліп, WBC белбеуін ала алмады. Ол қазіргі уақытта WBA рейтингінде үшінші орында тұр. 

Ал Кособуцкий болса, соңғы кездесуін нигериялық Онориод Евариемге (18-2, 17 КО) қарсы өткізіп, төртінші раундта жеңіске жетіп, WBA International белбеуін жеңіп алды. 
 

Метки:
Жаңалықтар