Қазақстандық әнші әрі боксшы қарсыласын нокаутқа түсіріп, титулға ие болды
© masterofmusic.ru
Қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір Мәскеуде өткен бокс кешінде титулдық жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір Мәскеуде өткен бокс кешінде титулдық жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның қарсыласы Анар Абдуллаев болды. Кездесуде Pro Box тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақта ТМД чемпионы атағы бәске тігілді. Регламент бойынша жекпе-жек сегіз раундқа созылуы керек болған, дегенмен Ескендір қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Нәтижесінде отандасымыз кәсіби рингте алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Ибрагим алғашқы жекпе-жегін 2017 жылдың желтоқсанында өткізген болатын.
Жарнама