Қазақстанда Руслан Мәдиевтің жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

Сурет: twitter.com/ringcityusa

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев (13-1, 5 КО)  4-наурыз күні кәсіпқой бокстағы 15 кездесуін өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Мәдиев келесі кездесуін Пуэрто-Рикода өткізеді. Он раундтан тұратын алдағы кездесуді оның қарсыласы Даниэлито Зорилья (14-0, 11 КО) болады. Бұл кездесуде бірінші жартылай орта салмақтағы WBO NABO  белбеуі сарапқа салынады. 

Қазақстанда аталған айқасты "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция 5-наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 08:00-де басталады.

Айта кетейік, Мәдиев соңғы рет шаршы алаңға 2019 жылдың шілде айында Карсон (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында шығып, төрешілердің шешімі бойынша филиппиндік боксшы Рикки Сисмундо (35-14-3, 17 КО).

 


 

 

Метки:
Жаңалықтар