Қазақстанда Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly©
Орта салмақта өнер көрсететін талантты қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) шаршы алаңға 9 қазан күні шығады,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

АҚШ-тың Лас-Вегас штатындағы MGM Grand спорт кешенінде өтетін бокс кешінде отандасымыз 23 жастағы аргентиналық Гонсало Кориямен (16-3, 6 КО) кездеседі. Бұл кездесуді "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 10 қазан (сенбі) күні 8:00-де басталады. 

Негізі, әу баста Әлімханұлыны қарсыласы үздік 15 боксшының қатарына кіретін солақай боксшы болуы керек еді. Бірақ ол жаттығулардың бірінде жарақат алып қалыпты. 

Соңғы рет 27 жастағы отандасымыз шаршы алаңға өткен жылдың қараша айында Фресно қаласында (Калифорния штаты, АҚШ) шығып, канадалық Альберт Онолуноседен (24-3-1, 8 КО) нокаутпен үстем түсті. Бұл кездесуде ол WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды. 




Метки:
Жаңалықтар