Қазақстан тумасының орнына Головкин салмағындағы чемпионға басқа қарсылас табылды

©boxingscene.com

Орта салмақта WBA белбеуінің уақытша чемпионы британиялық боксшы кіші Крис Юбэнк (30-2, 22 КО) келесі кездесуін 16 қазан күні Newcastle Arena (Ньюкасл, Англия) спорт кешенінде өткізетін болды, деп хабарлайды BoxingScene порталы. 

Оның қарсыласы Арменияда дүниеге келіп, қазіргі уақытта Германияның атынан өнер көрсететін Ваник Авдиян (28-1, 11 КО) болады. 

Негізі Юбэнк қазан айының басында Лондон қаласында Қазақстанда дүниеге келіп, қазір Германияда тұратын Анатолий Муратовпен (24-2-1, 17 КО) кездесуі керек болатын. Бірақ Муратов кездесу алдындағы медициналық тексерістен өте алмай қалды. 

"Муратовпен кездесу өтпейтін болған соң, біз бірден жаңа қарсылас іздеуге кірістік. Ваниктің келісім бергеніне қуаныштымын. Енді Ньюкасл қаласында жанкүйерлерді қуантуға тырысамын", деді Юбэнк. 

Newcastle Arena спорт кешенінде өтетін бокс кешінің басты айқасында британиялық Хьюи Фьюри (25-3, 14 КО) неміс Кристиан Хаммер (26-7, 16 КО) арасындағы жекпе-жек болады. 

Еске салайық, Юбэнк осы уақытқа дейін орта салмақта IBF және IBO  белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) бірнеше мәрте жекпе-жекке шақырған болатын. Алайда Кристің бұл ұсынысын Головкин жауапсыз қалдырды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар