Қазақ кәсіпқой боксшыларының лақап аттары
google.kz, massaget.kz
Лақап атпен танылған тұлғалар аз емес. Кейде ол жандардың азан шақырып қойған есімдерін есітіп, таңданып жатамыз. Астарына үңіліп, лақап атының мән-мағынасын іздейміз, тарихына қызығамыз. Қызық...
Лақап ат - адамды мақтау, құрметтеу, не мазақ ету, не жамандау үшін қолданылады. Адамдарды өздері ұнатпайтын, ренжитін лақап аттарымен шақыруға болмайды. Бірде болмаса, бірде көңіліне тиетіні анық.
Лақап ат қоюдың өзіндік себептері де бар. Көп тұлғалар танылмас бұрын ата-анасы азан шақырып қойған есімді өзгертіп, өзіне құлаққа жағымды лақап ат таңдайды. Бірі - руының атын шығарғысы келсе, енді бірі көз тимесін деген ниетпен осылай жасайтын көрінеді. Лақап ат тұлғаның тез танылуына да септігін тигізеді.
Бүгінде кәсіпқой бокста лақап атпен танылып жүрген спортшыларымыз баршылық. 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанған, Вэл Баркер кубогын жеңіп алған Василий Жиров алғашқылардың бірі болып «Балқаштың барысы» ретінде танылғаны да есімізде. Олай болса бүгінде кәсіпқой бокста жүрген күрзі жұдырықты жігіттеріміздің лақап аттарымен таныс бола отырыңыздар.
«GGG» немесе «Triple G»
«Triple G»! Геннадий әлемде осы бір лақап атымен танымал. Осы лақап атын айта қалсаңыз тани кетеді. Неге GGG деген сұраққа келсек, жауабы да қарапайым. Геннадий Геннадьевич Головкин. Генаның «Triple G»-ден өзге де лақап аттары болды. Оны жанкүйерлер бір кездері «Нокаут патшасы», «Қазақтың Тайсоны», тіпті «Соғыс құдайы» (God of War) деп те атаған. Әлі де осылай атайтындар да бар.
«The Kazakh»
Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақ боксшыларының бірі – Қанат Ислам. Жаны қазақ деп жылап, жүрегі қазақ деп соғатын боксшының лақап аты да – «Қазақ»!
«ZZ»
Жеңіл салмақ «WBA» чемпиондық атағының иегері Жанат Жақияновтың лақап аты – «ZZ» немесе «Double Z». Бұл боксшының да лақап аты есімі мен тегіне тікелей байланысты.
«Bumblebee»
Отандасымыз Иса Ақбербаевтың лақап аты қызық. «Bumblebee»! Қазақ тіліне аударғанда «Ара» деген мағынаны білдіреді. Лақап атының пайда болуын боксшы бір сұхбатында былайша түсіндіреді: « Бұл лақап атты маған америкалық бір жаттықтырушы қойды. Хьюстонда жаттығып жүргенде ол менің дайындығымды көріп, аяқпен жақсы жұмыс жасайтынымды айтты. Мұхаммед Әли секілді болмасаң да, ара секілді жылдам екенсің деді. Содан кейін барлығы мені «Bumblebee» деп атап кетті. Тіпті, бұл есім маған ертеректе-ақ қойылған десем де болады. 2000 жылдары әуесқой бокста жүргенде Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмаділов секілді боксшылармен бірге жаттықтық. Сол кезде 60 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Руслан Жұмсақов мені сол кездің өзінде «Ара» дейтін».
«777»
Бүгінде Геннадий Головкиннің жолын жалғайтын, болашағынан зор үміт күттіретін боксшылардың бірі, әрі бірегейі саналып жүрген отандасымыз, ол – Батыр Жүкембаев (8-0, 7 КО). Қазақстандық кәсіпқой боксшы 63,5 келі немесе 140 фунтта жұдырықтасады. 8 жекпе-жектен кейін ол 1865 боксшының ішінде 33 ұпаймен 102-орында тұр. «777» деген лақап атпен танылуда. Қазақ «7» санын киелі деп таниды. Бұл санның ұғымы да кең. Сондықтан да боксшы осы бір лақап атты қазақтың кәсіпқой бокстағы жетістігі пен сәттілігі үшін таңдаса керек.
«Bakha Bullet»
Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшылардың бірі – Бахтияр Эюбов. Оның лақап аты - «Bakha Bullet». «Bullet» деген сөз «Оқ» деген мағынаны білдіреді. Шаршы алаңда жойқын соққыларымен қарсыласын сұлатып жүрген отандасымыз оқ десе оқ. Осыған дейін 12 жекпе-жек өткізіп барлығында қарсыласынан басым түсті. Оның 10-да уақытынан бұрын жеңіске жетті.
«Аlban»
Айдар Шәрібаев кәсіпқой бокста 4 жекпе-жек өткізді. Барлығында жеңіске жетті. Соңғы рет қазан айында Алматыда испан боксшысы Хуан Окураны жеңген еді. Келесі жекпе-жегін 18 наурыз күні мексикалық боксшы Габино Готаға қарсы өткізеді. Лақап аты – «Албан».
«Little Rocket»
Ержан Залилов кәсіпқой бокста «Little Rocket» деген лақап атпен шығып жүр. Ағылшын тілінен тікелей аударма жасасақ «Кішігірім Зымыран» деген мағынаға саяды.
«АА»
Кәсіпқой боксқа 2016 жылдың мамыр айында ауысқан Али Ахмедов осы уақытқа дейін 6 жекпе-жек өткізіп үлгерді. Барлығында жеңіске жетті. Жақында ғана гамбиялық боксшы Патрик Мендиден басым түсті. Али Ахмедов «Double A» деген лақап атпен танылуда.
Кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген боксшыларымыздың лақап аттары туралы аз-кем ақпарат ұсындық. Бұл жолды таңдап жатқан талантты боксшыларымыз жетерлік. Жақында ғана кәсіпқой боксқа Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов те қосылды. Иван Дычко да өз бағын кәсіпқой рингте сынап көрмек. Өзге де жас бокшыларымыз мұхит асып, құрлық басып кәсіпқой боксқа ауысуда. Барлығының спорттық мансаптарына зор жетістік пен сәттілік тілейміз.
Еліміздің Әнұранын шарықтатып, көк Туымызды биікте қалықтатып жүрген спорт түрінің кәсіпқой деңгейдегі де алар асуы мен басар белесі әлі алда деп білеміз. Қазақтың қайсар ұлдары әуесқой бокс шаршы алаңдарында ғана әлемді мойындатпай, кәсіпқой бокс ареналарында да абыройымызды асқақтатарына зор сеніммен қараймыз.

Жарнама