Қай жеңгені чемпиондық белбеуге бір қадам жақындайды. Маман Жүкембаев пен Матиас кездесуіне болжам жасады
Латынамерикалық primerahora.com порталының тілшісі Карлос Гонсалес пуэрторикалық Сабриэль Матиастың (16-1, 16 КО) қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтан (18-0, 14 КО) қай жері басым екенін айтты. Сондай-ақ ол Vesti.kz порталына берген пікірінде бұл кездесуде қай боксшының фоварит екенін атап өтті.

"Бізді керемет кездесу күтіп тұр. Жүкембаев пен Матиастың бокс стильі әртүрлі. Қазақстандық боксшының техникасы мықты. Ал оның қарсыласы қара күшке сенген жігіт. Сондықтан да бұл кездесудің жеңімпазы кім болатынын дөп басып айту қиын. Менің ойымша, Жүкембаевта ұпаймен жеңетін мүмкіндік бар. Матиас болса нокаутқа түсіруге тырысады.
Батыр бұған дейін нокдаунда болған. Сабриэль барлық кездесуін нокаутпен аяқтаған. Оның үстіне Матиас жеңілген. Психологилық тұрғыда Жүкембаевқа қарағанда дайын. Бұл кездесудің маңыздылығы да жоғары. Қай жеңгені чемпиондық белбеуге бір қадам жақындайды. Сол себепті мен бұл жерде фоварит жоқ деп есептеймін. Кім мықты дайын болады, сол жеңіске жетеді", - дейді Гонсалес.
Айта кетейік, бұл кездесу 29-мамыр күні Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) жоспарланған бокс кешінде өтеді. Қай жеңгені IBF чемпиондық белбеуінің міндетті қарсыласы болады. Бұл Жүкембаев үшін АҚШ жеріндегі алғашқы айқас болмақ.
Жарнама