Профи-бокс
9 тамыз 2021 18:37
 

Кәсіпқой бокста үлкен дау шықты. Төрешілер пара алды деп айыпталуда

  Пікірлер

blog.share

Кәсіпқой бокста үлкен дау шықты. Төрешілер пара алды деп айыпталуда Сурет: fasportsgh.com

АҚШ-тың Миннеаполис қаласында Premier Boxing Champions компаниясының ұйымдастыруымен өткен венесуэлалық Габриэль Маэстре (4-0, 3 КО) мен америкалық Микал Фокс (22-3,5 КО) арасындағы кездесуден кейін дау шықты. 

blog.share

АҚШ-тың Миннеаполис қаласында Premier Boxing Champions компаниясының ұйымдастыруымен өткен венесуэлалық Габриэль Маэстре (4-0, 3 КО) мен америкалық Микал Фокс (22-3,5 КО) арасындағы кездесуден кейін дау шықты. 

Бұл кездесуде боксшылар жартылай орта салмақта WBA белбеуінің "уақытша" чемпиондық атағын сарапқа салды. Айқастың екінші раундында Фокс қарсыласын нокдаунға түсірген еді. Бірақ 12 раундтың қорытындысы бойынша венесуэлалық боксшы 114-113, 115-112 және 117-110 есебімен жеңіске жетті. 

vRINGe.com басылымының жазуынша, бұл кездесуде Маэстреге жеңісті "сыйлай" салған екен. Ал жалпы кездесуде сарапшылар "Жылдың ең күмәнді кездесуі" деп атап жатыр. 

"WBA президенті Джилберто Мендоса бұл кездесуге назарын аударып, жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау керегін айтты. Басшының айтуынша, егер төрешілердің шешімі қате екені дәлелденсе, бірден екінші кездесуді ұйымдастырып, қазыларды жұмыстан шеттетеді", - дейді атақты комментатор Эл Берштейн.

Бірақ сарапшылар бұл жерде тек төрешіні емес, коррупцияға белшесінен батқан ұйымды тексеру керегін айтады.

"Қазір ғана кездесуді қайта қарап шықтым. Мен осыған дейін мұндай мәлімдеме жасаған емес едім. Дегенмен мына былыққа 100 пайыз WBA ұйымының кінәсі. Ал кездесуде төрелік жасаған үш қазы енді ешқашан бұл жұмысты істемеу керек. Иә, бізде төрешілер тарапына жиі сұрақтар болып тұрады. Алайда мына жерде қазылардың пара алғаны анық. Ол үшін Шерлок Холмс болудың қажеті жоқ", - дейді сарапшы. 

Глория Мартинес деген төрешінің шешімі тіпті күмән келтіреді. Ол 117-110 есебімен Маэстреге жеңісті берген. 

"WBA басшылары қандай әрекет жасайтынын күтейік. Бұл ұйымды енді мүлде мойындамайтын жағдайға жеттік", - инсайдер Майк Коппинджер.

Бір қызығы, WBA президенті жуырда ғана әртүрлі рейтингтердің барлығын жойып, ұйымда әр салмақта тек бір чемпион болу керек деген еді. Дейтұрғанмен дәл осы мәлімдемеден кейін екі бірдей "уақытша" чемпиондық белбеу тағы сарапқа салынды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!