Кәсіпқой бокс
23 маусым 2017 10:43
 
Кәсіпқой бокста еліміздің абыройын асқақтатуға барымды саламын - Батыр Жүкембаев

  Пікірлер

blog.share

Кәсіпқой бокста көк туды желбіретіп, еліміздің даңқын арттырып жүрген Геннадий Головкин, Қанат Ислам сияқты саңлақтарымыз жетерлік. Жасындай жарқыраған батыр Жүкембаев жуырда ғана шаршы алаңда 8 жекпе-жегін өткізіп, IBO тұжырымының белбеуін жеңіп алған еді. күрзі жұдырықты батырмен алдағы жоспары жайында аз-кем әңгімелескен едік.

– Батыр, IBO International тұжырымының чемпионы атануыңмен құттықтаймын. Жекпе-жек қаншалықты қиын болды?

– Рақмет! жалпы жекпе-жектен бұрын бұл сайысқа дайындық қиын болған сияқты. Әдетте күнделікті 2-3 сағатқа созылатын жаттығуды екі есе артық жасап, орасан зор күш жұмсадық. Неге десеңіз, осы уақытқа дейін мен тек бір рет қана 8 раундтан тұратын жекпе-жек өткізгенмін. Белбеуге таласпас бұрын, кем дегенде, бір рет 10 раундтық кездесу өткізуім керек болған. Дегенмен чемпиондық белбеуге таласудың орайы келген соң, тәуекелге бел буып, мүмкіндікті барынша пайдаланған жөн. Қарсыласымның тәжірибелі, тіс қаққан спортшы екенін жекпе-жектерінен байқадық. Заб Джуда, Андре Берто сынды атақты боксшылармен қолғап түйістірген. Жекпе-жек барысында соққыларды оңай қабылдап, екі рет накдоунға түссе де есін тез жиып, шаршы алаңда өзін еркін сезінді. Алдыңғы қарсыластарыма қарағанда жігерлі, әккі боксшы екені бірден байқалды. Дегенмен біздің мақсатымыз толық 10 раунд бойы жұдырықтасып шығу болды. Алланың қалауымен, 7 раундта толассыз шабуылыма төтеп бере алмаған қарсыласымның мысын бастым.

– Боксқа алғаш келгенде «кәсіпқой боксшы болам деген ой мүлдем болған жоқ» депсің бір сұхбатыңда…

– Әуесқой бокста жүргенімде біраз додада топ жарғаныммен, Олимп шыңын бағындыра алмадым. Ұлттық құрамадв өнер көрсетіп жүргенде «Астана Арланс» командасынан шақырту алдым. Іріктеуден өтіп, командаға қабылданатын кезде сырқаттанып, 3-4 ай спорттан қол үзіп қалдым. Ол кезде кәсіпқой бокста Геннадий Головкиннің есімі әлемге таныла бастаған шақ еді. Негізінен кәсіпқой боксқа келуіме себепкер болған, спорттың бұл түріне ынтамды ашқан – Геннадий Головкин. Одан бөлек, Қанат ағамыз да жарқ етіп, шаршы алаңда қазақтың қайсарлығын көрсете бастаған. Өзімнің жұдырықтасу мәнерім кәсіпқой боксқа сай келетінін сезген соң, Қанат ағамызбен ақылдасып, жолдарын, қыр-сырын сұрадым. Ниетімізге орай, жақсы келісім шартқа қолып қойып, әлемдік аренада қолғап түйістіруге мүмкіндік берді. Енді кәсіпқой бокста еліміздің абыройын асқақтатуға барымды саламын.

– Бокста ең басты не нәрсеге мән беру керек?

– Нақты бір нәрсеге ерекше көңіл аудару керек деп айтуға болмайды. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» дегендей, күш-қуатыңыз да, шеберлігіңіз де бір-бірін толықтырып тұруы қажет. Ең бастысы алға үлкен арман-мақсаттар қоя білу және сол арманыңа жету үшін барыңды салып еңбек ету. Бокс көшедегі төбелес емес, сондықтан шаршы алаңға шыққанда әр соққыңды дер кезінде жұмсап, қателікті ұтымды пайдаланып, ақылмен жұдырықтасқан жөн. Атағынан ат үркетін небір боксшылар шахмат ойнайды. Себебі, шаршы алаңда да бір қадам алда жүріп, қарсыласыңнан бірінші ойлануың керек. Қазір шахмат үйреніп жүрмін.

– Бокстың айла-тәсілдерін көшеде қолданған кездерің болды ма?

– Өмір болған соң, әр түрлі жағдайлар болады. Ер жігіттің басынан бұндай жайттар да өтеді. Бірақ, кәсіпқой боксқа ауысқаннан кейін, барынша жаман жерлерден бойымды аулақ ұстауға тырысамын. Өйткені, біздің денсаулығымызға қандай да бір зақым келсе, алға қойған мақсаттарымыздың күл-талқаны шығуы ғажап емес. Бокстың айла-тәсілдерін шаршы алаңда паш етсек те жетеді.

– Мәдениет және спорт минстрімен кездестің. Қандай мәселелерді талқыладыңдар?

– Елге оралған соң, елордамызға Арыстанбек Мұхамедиұлының шақыртуымен барып қайттық. Министр мырза «Жетістіктеріңді естіп, көрдік, бұл Қазақ елі үшін үлкен мәртебе» деп жеңісімізбен құттықтап, алдағы жоспарларымызды сұрады. ЭКСПО қарсаңында елімізде үлкен бокс кеші, Қанат Исламның жекпе-жегі өтетіні барлығы естіді. Сол кеште өнер көрсетуіміз мүмкін екенін айтты. Егер біздің менеджерлермен келіссе, Астанада өнер көрсетеміз. Бірақ, нақты қандай боксшылар өнер көрсететінін әлі шешпеген сияқты. Әрине, мен үшін туған жерде бокс кешін өткізу үлкен абырой, мәртебе. Сондықтан бәрі ойдағыдай болса, халқымызға үлкен қуаныш сыйлаймыз деп ойлаймын.

– Отбасың туралы айта кетсең…

– Қарапайым отбасында дүниеге келгенмін. Әкем Жақсыбай қарапайым жұмысшы, анамның есімі Гүлжан, үй шаруасындағы адам. Менің алдымда екі ағам, екі әпкем және Әсия есімді қарындасым бар. Екі ағам да, әпкелерім де отбасын құрған. Ұлдың кенжесі, қара шаңырақтың иесі болғандықтан, ең алдымен болашақ жарымның иманды, кішіпейіл, әке-шешемді сылайтын қазақтың қарайым қызы болғанын қалаймын. Алла әркімге өзіне лайықты жанды береді дейді ғой, сондықтан бұйыртқаны болар.

– «Чемпиондар мақсатына жеткенше ешқашан тоқтамайды, тоқтай алмайды» деп шаршы алаңның падишахы Моxаммед Әли айтқан еді. Алға қойған мақсаттарыңмен бөлісе кетсең…

– Күллі елдің намысын жалау етіп ұстаған барлық саңлақтардың мұраты – спорттың ең биік шыңына шығу. Басты мақсатымыз әлем чемпионы атанып, өз салмағымдағы барлық белбеулерді ұтып алу. Қазір бұл салмақта (63,5) америкалық Теренс Кроуфорд WBC мен WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына ие. Маған промоутерім кез келген уақытта әлем чемпионы атағына таласатын жекпе-жек өткізіп бере алады. Бұның бәрі дайындығым мен кәсіби шеберлігімнің қаншалықты шыңдалғанына байланысты. Соңғы жекпе-жектен кейін, промоутеріміз жиналыс жасап, күз мезгілінде керемет бір шоу жасайтынын, яғни Давид Льеме мен Сауль Алварес арасында жекпе-жек өтуі мүмкін екенін айтып, сол сайыстың андеркартында өнер көрсететінімізді ескертті. Алла қаласа, алдағы уақытта жеңістеріммен жанкүйерлерімді қуантамын.

– Әңгімеңізге рахмет!

Дәурен ТҮЛКІБАЙ

Жарнама

Живи спортом!