auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Кәсіпқой боксқа біржолата ауыспаймын - Жәнібек Әлімханұлы

Кәсіпқой боксқа біржолата ауыспаймын - Жәнібек Әлімханұлы
Астанада өтетін Қанат Ислам айқасының андеркартында Рио-де Жанейро олимпиадасына қатысушы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы да шаршы алаңға шығады.Бүгін боксшының өзіне арнайы қоңырау шалып, жарысқа дайындығы жайында қысқаша сұхбат алған едік.

- Жәнібек, көптен бері шаршы алаңнан көрінбей кеттіңіз…

- Иә, Рио Олимпиадасынан кейін қысқа уақыт демалдық. Одан кейін ел біріншілігі өтті. Онда жаңа салмақта сынға түсіп ел чемпионы атандым. Одан кейін 29 қазан күні Алматыда Қанат Ислам мен ганалық боксшы Патрик Аллотейдың жекпе-жегі аясында алғашқы кәсіпқой рингтегі сайысымды өткіздім. Одан кейін денсаулығыма байланысты ем-дом қабылдап, демалыс алдым.

- 9 қыркүйек күні тағы да Қанат Исламның айқасының андеркартында өнер көрсетеді деп естіп жатырмыз…

- Алла қаласа, сол күні екінші рет кәсіпқой бокстағы айқасымды өткізсем деп жоспарлап жүрмін.

- Қарсыласыңыз кім болады?

- Әзірге әлі белгісіз. Кіммен, қай елдің боксшысымен жұдырықтасатыным жақын күндері белгілі болмақ.

- Белгісіз қарсыласқа дайындығыңыз қалай?

- Өте жақсы дайындықтамын. Кіммен болса да шығуға әзірмін. Қазір Алматыда Алатау бөктеріндегі бокс базасында жаттығып жатырмын.

- Сонда біржола кәсіпқой боксқа ауысып жатырсыз ба?

- Жоқ, біржола кетіп жатқан жоқпын. Әлі ұлттық құрама сапындамын. Әуесқойда жүріп, кәсіпқой бокс арқылы тәжірибе жинауға болады ғой. Бұл мен үшін алдағы үлкен сындарға сабақ алатын мүмкіндік. Сонымен қатар, ЭКСПО аясында өтетін үлкен додада өнер көрсету үлкен мәртебе. Біз осы арқылы қазақ жігіттерінің қандай екенін әлемге паш етеміз.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама