Профи-бокс
20 қазан 2017 12:30
 
Қарсыласымды нокаутқа түсіргім келген. Бірақ, Варгас та мықты екен - Бекман Сойлыбев

  Пікірлер

blog.share

Қарсыласымды нокаутқа түсіргім келген. Бірақ, Варгас та мықты екен - Бекман Сойлыбев ©:diamondring.kz

Лас-Вегастағы жекпе-жек кешінде мексикалық Фернандо Варгасты жеңгеннен кейін жерлесіміз Бекман Сойлыбаев бірден Diamondring.kz сайтына сұхбат беріп, айқастың қалай өткендігі жайлы айтып беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.       – Бекман, жеңісің құтты болсын! Өзің үшін жекпе-жек қалай өтті? Жұдырықтасуыңа көңілің толды ма?

– Ең бастысы, WBC International чемпиондық белбеуімді қорғап қалғаныма қуаныштымын. Жекпе-жек осы кешке жиналған көрермендердің көңілінен шықты деп ойлаймын. Өзім шаршы алаңда күшімді аяп қалмадым. Барымды салдым. Қарсыласыма да үлкен Respect. Соңына де шайқастым.

– Фернандо Варгасты нокаутқа түсіру мүмкін болмады ма?

– Мен де оны құлатқым келген. Сериялық соққылардың соңынан құлаштап та ұрып жаттым. Бірақ, Варгас та мықты екен. Айлакер, тәжірибелі боксшы. Екі-үш соққы алып, енді қисайып бара жатқанын сезсе, құшақтай салады.

– Үзілістер кезінде жеке бапкерің Эрик Браун қандай кеңестер берді?

– Жаттығу жиыны кезінде көптеген сериялық соққыларды пысықтап, әртүрлі мәнерде жұдырықтасу жағында көп жұмыстар жасағанбыз. Бірінші раундтарда бапкер менен соларды қайталауымды сұрады. Жекпе-жектің ортасына қарай Варгастың қашып жүргенін байқап, «бұрышқа тығып соқ, соққыларыңнан сытылып кетуіне жол берме» деп жатты. Ал соңғы екі раунд қалғанда «чемпиондық кезең. Осы раундтарда барыңды сал» деп ақылын айтты. Барлық тапсырмасын орындауға тырыстым.

– Жеңіп жатқаныңды қай раундтан бастап сезе бастадың?

– Мексикалықты жеңіп жатқанымды салмақ өлшеу рәсімінен кейін көз атысқанда-ақ байқадым. Бірақ, оның да лайықты боксшы екенін айта кету керек. Бастапқы раундтарда менің шабуылдарыма жақсы жауап қайтаруға тырысты. Соңына дейін айқасты. Мұның өзі ерлік. Алайда, әр раунд өткен сайын жеңісімнің жақындап келе жатқанына сенімді едім.

– Фернандо Варгас та жеңісті оңайлықпен бергісі келмеді. Оның бұрынғы қарсыластарыңнан қаншалықты айырмашылығы бар екен?

– Варгасты бұрын жұдырықтасқан қарсыластарымның ең мықтысы деп айта алмаймын. Спаррингтер кезінде әртүрлі боксшылармен жұдырықтасқанмын. Бірақ, оның өзге мексикалықтардан ерекшелігі – бас-көз жоқ алға ұмтыла бермейді екен, әр шабуылын ойланып барып жасайды. Қорғанысы да жаман емес.

– Сенің бүгінгі жекпе-жегіңнен Флойд Мейуезердің мәнерін көргендей болдық. Әйгілі америкалықтың стилі саған қаншалықты ұнайды?

– Біріншіден, мен бүгін Мейуезерді емес, Бекман Сойлыбаевты әлемге танытуға тырыстым. Иә, ол өте мықты боксшы. Талай жыл әлемде №1 болған. Өзіне соққы дарытпайды. Қорғана жүріп шабуылдайды. Дегенмен, мен бүгін қорғана арқылы шабуылдаған жоқпын, шабуылдай жүріп қорғандым. Әлем мені Бекман Сойлыбаев ретінде таныса екен деймін. Әйтпесе, Мейуезер менің құрмет тұтатын боксшыларымның бірі. Сондай-ақ, Артуро Гаттидің де жұдырықтасу стилі ұнайды.

– Лас-Вегастағы кәсіпқой бокс кешінің атмосферасы қалай екен?

– Golden Boy Promotion ұйымдастырған кәсіпқой бокс кешіне бірінші рет қатысып отырмын. Деңгейлерінің қаншалықты жоғары екені бірден сезіледі. Біраз мықтыларды көрдім. Шоуы да өзінше бір тақырып. Жекпе-жектен кейін ұйымдастырушылар алдағы уақытта да бірге жұмыс жасайық деп ұсыныс тастап кетті.

– Ендігі жоспарың қандай? АҚШ-та әлі қанша уақыт жаттығасың? Елге қашан ораласың?

– Әзірге елге қашан қайтатыным белгісіз. Әлбетте, отбасымды сағындым. Бірақ, мұнда жылдың соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізгім келеді. Барлығын промоутерлерім шешеді. Егер лайықты қарсылас табылып жатса, бәлкім жақын арада шаршы алаңға қайта шығып қалармын. Ең бастысы, жарақаттан аманмын. Сол қуантады.

– Кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласың кім болуы мүмкін?

– Негізі мен Фернандо Варгаспен емес, аргентиналық Орасио Кабралмен жұдырықтасуым қажет болатын. Ол WBC International silver белбеуінің иегері. Яғни, менің міндетті қарсыласым еді. Алайда, жекпе-жекке бір жарым ай қалғанда Орасионың бұл айқастан бас тартатыны туралы хабар келді. Сондықтан, промоутерлерім маған Фернандо Варгасты тауып берді. Ол да жақсы боксшы екен. Ал келесі қарсыласым белгісіз. Неде болса, рейтингте жоғары орындарда тұрған боксшылардың бірімен жұдырықтасқым келеді.

– Екінші жартылай жеңіл салмақтан көтерілу жоспарда бар ма?

– Жоқ, әзірге осы салмақта қала беремін. Өйткені, менде артық келі де жоқ. Бір апта бұрын-ақ салмағым 130 фунтты көрсетті. Ал жекпе-жекке бір күн қалғанда 129 фунт болғанмын. Сондықтан, маған салмақ қуу аса қиын емес.

– Сенің салмағыңда WBC әлемдік белбеуінің иегері – мексикалық Мигель Берчельт. Оған қарсы шаршы алаңға шығуға қаншалықты дайынсың?

– WBC International чемпиондық белбеуімді қорғау арқылы мен осы ұйымның рейтингінде ТОП-15 боксшының қатарына кіруге мүмкіндік алуым керек. Өз кезегінде бұл маған рейтингтің көшбасшыларына қарсы шаршы алаңға шығуға, әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік береді. Өзім кез-келген қарсыласқа, қандай айқасқа болса да дайынмын. Мақсатым да сол, алдымен WBC чемпиондық атағын жеңіп алып, содан кейін барлық белбеуді біріктірсем деймін.

Жарнама

Живи спортом!