auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қарсылас мықты. Бірақ Ислам жеңуге тиіс - Нұрлан Ақүрпеков

Қарсылас мықты. Бірақ Ислам жеңуге тиіс - Нұрлан Ақүрпеков
9-қыркүйекте Астанада өтетін кәсіпқой боксшылардың дүбірлі додасы өтетіні белгілі. Сол кештің басты бәсекесінде бірінші орта салмақта (69 келі) WBO NABO және WBA Inter-Сontinental нұсқаларының алтын белбеу иегері атанып отырған қазақтың мақтанышы Қанат Ислам Канаданың ешкімнен жеңіліп көрмеген көкжалы Брэндон Кукпен жұдырықтасады.

Бұл жекпе-жекке қатысты Олимпиада ойындарының жеңімпазы мен Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаевтың жеке жаттықтырушысы, «Астана арландары» клубының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков пікірімен бөлісті. Ол Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы әрбір қадамын жіті қадағалап жүргенін және отандасымыздың канадалық қарсыласы қарулы боксшы екенін атап өтті. 

"Қанат көз алдымызды өскен боксшы. Кезінде Қытай құрамасы сапында өнер көрсеткен жылдары Бақтияр Артаевпен талай рет спарринг өткізген ол менің төл шәкіртіме тегеурінді қарсылық көрсетті. Сол кездің өзінде жат елде өскен қандасымыз өзінің табандылығы, өжеттігі, қайсарлығы, асқан шеберлігімен көзге түсті. Әуесқой бокста Исламның бағындырған белестері бір төбе. Ол – Олимпиада және Азия ойындары, әлем және құрлық чемпионаттарында жүлдегерлер санатына қосылды. Екі миллиардқа жуық халқы бар Қытайдың бас боксшысы атанды. Әрине, ондай бақ екінің біріне бұйыра бермейді. Кәсіпқой боксқа ауысқалы бері мен Қанат бауырымның әр қадамын жіті қадағалап жүрмін. Бұл ретте де ол өзінің мықтылығын мойындатып, қарсы келгендердің барлығын қоғадай жапыруда. Бәсекелерінің денін нокаутпен аяқтады. Қазақ жігітінің алдағы қарсыласы жайында айтар болсақ, шыны керек, мен Брэндон Куктың жекпе-жектерін көрген емеспін. Бірақ бұл салада қол жеткізген табыстары қомақты екен. Ол 18 рет рингке көтеріліп, барлығында жеңіске жетті. 11 қарсыласын есінен тандырды. Осы деректің өзі-ақ канадалықтың қандай қарулы боксшы екенін аңғартса керек. Қалай болғанда да Қанатқа 9-қыркүйекте оңай болмайды. Десек те өз елімізде, өз жерімізде өтетін бәсекеде қазақтың ұлы өз жанкүйерлерін жерге қаратпауға тиіс. Ислам бокс мектебінің барлық сатыларынан өтіп, талай ұлы дүрмектерде ысылған өрен. Сол себепті де қандасымыз осы айқасты өз пайдасына шешеді деген сенімдемін. Егер осы жоспар жүзге асса, онда ол белді нұсқалардың чемпиондық тәжіне бір табан жақындай түседі. Алдағы уақытта ол белесте бағынады деп ойлаймын. Сол күнді көруге жассын, ағайын! , – дейді Нұрлан Ақүрпеков

Қанат Ислам және Брэндон Кук арасындағы жекпе-жек 9 қыркүйекте Астанада өтеді. Канадалық боксшы соңғы рет биыл қаңтарда отандасы Стиваен Батлермен кездесіп, жеңіске жеткен. Қанат Ислам болса өзінің соңғы кездесуін 26 мамыр күні мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы өткізіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Сөйтіп орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Сontinental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін жеңіп алды.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама