Қарсылас мықты. Бірақ Ислам жеңуге тиіс - Нұрлан Ақүрпеков
9-қыркүйекте Астанада өтетін кәсіпқой боксшылардың дүбірлі додасы өтетіні белгілі. Сол кештің басты бәсекесінде бірінші орта салмақта (69 келі) WBO NABO және WBA Inter-Сontinental нұсқаларының алтын белбеу иегері атанып отырған қазақтың мақтанышы Қанат Ислам Канаданың ешкімнен жеңіліп көрмеген көкжалы Брэндон Кукпен жұдырықтасады.
Бұл жекпе-жекке қатысты Олимпиада ойындарының жеңімпазы мен Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаевтың жеке жаттықтырушысы, «Астана арландары» клубының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков пікірімен бөлісті. Ол Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы әрбір қадамын жіті қадағалап жүргенін және отандасымыздың канадалық қарсыласы қарулы боксшы екенін атап өтті.
"Қанат көз алдымызды өскен боксшы. Кезінде Қытай құрамасы сапында өнер көрсеткен жылдары Бақтияр Артаевпен талай рет спарринг өткізген ол менің төл шәкіртіме тегеурінді қарсылық көрсетті. Сол кездің өзінде жат елде өскен қандасымыз өзінің табандылығы, өжеттігі, қайсарлығы, асқан шеберлігімен көзге түсті. Әуесқой бокста Исламның бағындырған белестері бір төбе. Ол – Олимпиада және Азия ойындары, әлем және құрлық чемпионаттарында жүлдегерлер санатына қосылды. Екі миллиардқа жуық халқы бар Қытайдың бас боксшысы атанды. Әрине, ондай бақ екінің біріне бұйыра бермейді. Кәсіпқой боксқа ауысқалы бері мен Қанат бауырымның әр қадамын жіті қадағалап жүрмін. Бұл ретте де ол өзінің мықтылығын мойындатып, қарсы келгендердің барлығын қоғадай жапыруда. Бәсекелерінің денін нокаутпен аяқтады. Қазақ жігітінің алдағы қарсыласы жайында айтар болсақ, шыны керек, мен Брэндон Куктың жекпе-жектерін көрген емеспін. Бірақ бұл салада қол жеткізген табыстары қомақты екен. Ол 18 рет рингке көтеріліп, барлығында жеңіске жетті. 11 қарсыласын есінен тандырды. Осы деректің өзі-ақ канадалықтың қандай қарулы боксшы екенін аңғартса керек. Қалай болғанда да Қанатқа 9-қыркүйекте оңай болмайды. Десек те өз елімізде, өз жерімізде өтетін бәсекеде қазақтың ұлы өз жанкүйерлерін жерге қаратпауға тиіс. Ислам бокс мектебінің барлық сатыларынан өтіп, талай ұлы дүрмектерде ысылған өрен. Сол себепті де қандасымыз осы айқасты өз пайдасына шешеді деген сенімдемін. Егер осы жоспар жүзге асса, онда ол белді нұсқалардың чемпиондық тәжіне бір табан жақындай түседі. Алдағы уақытта ол белесте бағынады деп ойлаймын. Сол күнді көруге жассын, ағайын! , – дейді Нұрлан Ақүрпеков
Қанат Ислам және Брэндон Кук арасындағы жекпе-жек 9 қыркүйекте Астанада өтеді. Канадалық боксшы соңғы рет биыл қаңтарда отандасы Стиваен Батлермен кездесіп, жеңіске жеткен. Қанат Ислам болса өзінің соңғы кездесуін 26 мамыр күні мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы өткізіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Сөйтіп орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Сontinental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін жеңіп алды.

Жарнама